30.11.2020

Упражнения расслабления

Тақырыбы: Релаксациялық жаттығулар
Мақала авторы туралы мәлімет
Аты-жөні:Тыныштыбаев Мурзатай Тыныштыбаевич
Мекен- жайы: БҚО. Теректі ауданы Абай ауылы
Қызмет орны: Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лауазымы: мектеп психологы

Сабақтың тақырыбы: «Релаксациялық жаттығулар»
Мақсаты:
1. Топ ұйымшылдығын, эмпатия сезімін дамыту, жағымды көңіл-күй қалыптастыру
2. Қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіру.
3. Оқушылардың жүйкелік-психикалық мазасыздануының алдын алу, стрестен арылуға көмектесу.
Барысы:
І Қызығушылықты ояту
Амандасу жаттығуы: «Шеңбер бойынша қол шапалақтау»
Мақсаты: Қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою және біріктіру. Сенімділік және құрметтілік атмосферасын құру.
Барысы: Барлық оқушылар шеңбер болып тұрады. Мен бір оқушының алдына барып сол оқушының есімін айтып, қол шапалақтаймын. Ол оқушы менің қасыма келіп тұрып, келесі оқушыны таңдайды. Екеуміз сол оқушының есімін айта отырып қол шапалақтаймыз. Сөйтіп, шеңбер бойынша барлық оқушылардың есімі аталып, сол адамның құрметіне қол соғылады.
Талдау: Бірінші оқушы мен соңғы оқушыдан қандай көңіл күйде болғанын сұралады.
ІІ Мағынаны тану
«Денелік өзара әрекеттесу» жаттығуы
Мақсаты: Топ белсенділігін арттыру. Жағымды көңіл-күй орнату.
Барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Жүргізушіге орындық жетіспеген сияқты шеңбердің ортасында тұрады. Ол жүргізуші рөлін атқарады. Жүргізуші қалай кіммен орын ауыстыратынын жариялайды. Мысалы: «Кімде қара аяқ киім болса солар орындарын ауыстыруы керек. Орын ауыстыру кезінде жүргізуші бос орынға үлгеріп отыруы керек. Содан кейін қалған адам жүргізуші рөлін атқарады.
Талдау:
1. Жаттығу сіздерге ұнады ма?
2. Жаттығу орындауда қандай қиындықтар болды?
3. Жаттығу бізден қандай қасиеттерді талап етеді?
«Жаңбыр» жаттығуы
Мақсаты: Топты тыныштандыру, эмоциялық көңіл-күйлерін бәсеңдету.
Барысы: Қатысушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ. Алақандарын ысқылайды.
2-топ. Тізелерін алақандарымен соғады.
3-топ. Саусақтарын тырсылдату.
4-топ. Аяқтарының басын соғу.
Ең алдымен әрбір топқа аталған нұсқаулар беріледі. Содан кейін белгі бойынша кезекпен жасауды өтінеді. Жетекші әрбір топқа қимыл жасауға нұсқауды нақты береді. Ал қалған топтар тып-тыныш күйінде тыңдайды. Бірінші топтың жасаған қимылы бір қалыпты шыққаннан кейін, нұсқау екінші топқа беріледі. Осылайша кезекпен 3-топқа, 4-топқа жалғасады. Бұдан кейін бәрі бір уақытта жасайды. Белгі бойынша, жоғары, төмен, орташа жасайды. Белгі бойынша 4-топ, кейін 3-топ, 2-топ, 1-топ тынышталады. Кейін қатысқандардан ненің дыбысы естілгені сұралады.

На полный экран

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.