28.11.2020
Культурная языковая компетенция

Культурная языковая компетенция резонирует с образованием функциональной грамотности

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, орыс және басқа да ұлт мектептерінде қазақ тілін меңгерту әдістері Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі Қазақстандағы халық-ағарту ісі қолға алынғаннан бастап жүзеге аса бастады. Тіл үйретудің әдістемелік тәсілдері орыс әдіснамасы арқылы қалыптасқанмен, қазақ тілінің ғылыми базасын мектеп оқушыларының деңгейіне сәйкес жүйелеп беруде қазақ ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, К.Кемеңгерұлы, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, М.Балақаев елеулі үлес қосты. Дегенмен, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту орыс мектептерінде ана тілін оқыту деңгейінде, тек ғылыми ақпарат беру дәрежесінде қызмет етті. Ал қазақ халқының ұлттық болмысын, қарапайым сөйленіс ерекшеліктерін, тұрмыстық тілдік қарым-қатынастағы ұлттық нышандар толық ескерілмеді. Оған басты себеп, қоғамдық-саяси ықпал болса, екінші себеп, өзге ұлт өкілдеріне шет тілін оқыту әдісінің қалыптаспағаны болды.

На полный экран

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.