Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның

Бүгінгі таңда ата-ана мен тəрбиеші арасындағы ортақ мəселе-бала тəрбиесі екені баршамызға мəлім.Ата-ана үшін бала өмір жалғасы,көздің нұры,үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек,тəрбиеші үшін еңбегінің нəрлі жемісі болып табылады. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады.Міне,сондықтанда: «Ана үйдің берекесі,бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол,айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам,азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.Бала тəрбиесінің қай саласында болсын,ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады.Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе,жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса,жақсы кітап,кино шығармалар жайлы əңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тəрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру жəне шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тəрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму əлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы жəне қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.

На полный экран



Добавить комментарий