9 сынып Физика.
Сабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші
түрге айналу заңы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңымен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, слайдтар,электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тренинг.Туған күндеріне байланысты тізбек жасап тұру. Сол жерде екі топқа бөліну.
І топ.Алғырлар
ІІ топ .Тапқырлар.
Топ басшыларын сайлау.Топ басшыларына бағалау парағын беру.Олар топтың әр мүшесінің жауабына байланысты белгілеп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Слайд арқылы сұрақтарға жауап беру.